Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ - Сенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 ақпанда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, түнде кей жерлерде күн күркірейді. Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-батыстан 15-20 жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 23-28 м/с болады. Түркістанда 22 ақпанда оңтүстік-батыстан 15-20 жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с жел болады», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды.
«22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, ал Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Өскемен қаласында 22 ақпанда күндіз қар жауады, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді. Семей қаласында да осы күні күндіз қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с», - делінген хабарда.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды.
«22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда тұман түседі. 22 ақпанда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 22 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51