Сенбі күні Қазақстанның екі облысында тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 19:40, 01-02-2019.

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның екі облысында тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 ақпанда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Маңғыстау облысында сенбі күні кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: