Сенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:05, 21-09-2018.

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ, күндіз шаңды дауыл, шквал, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Қостанай облысында сенбі күні солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 22 қыркүйекте жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: