Сенбі күні Қазақстанның үш облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ, қатты жауын-шашын және жел күтіледі

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ - Сенбі күні Қазақстанның үш облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ, қатты жауын-шашын және жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Сол күні Қостанай қаласында күндіз бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен тұрған желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Болжамға сәйкес, 12 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с күшті соғады. 12 қаңтарда Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.
«12 қаңтарда Орал қаласында да бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-99%.

adimage