Сенбі күні Қазақстанның төрт облысында синоптиктер бұрқасын және қатты жел тұрады деп болжауда

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - Сенбі күні Қазақстанның төрт облысында синоптиктер бұрқасын және қатты жел тұрады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«24 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қ.: 24 қарашада бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, күндіз 24 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын болады. Петропавл қ: күндіз 24 қарашада батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Бұрқасын болады..
« 24 қарашада Ақтөбе облысында кей жерлерінде бұрқасын болады, солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ. 24 қарашада түнде бұрқасын болады, солтүстік-батыстан, батыстан жел соққан желдің екпіпі 18 м/с күтіледі», - деп атпа өтті синоптиктер.  
24 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, онтүстік-батыстан жел түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95% деп болжауда.
    

adimage