Сенбі күні Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Сенбі күні Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 23 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 23 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
«23 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с күтіледі. Қостанай қ: 23 мамырда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде сенбі күні найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Орал қ.: 23 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі.
«23 мамырда Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - деді «Қазгидрометтен».
23 мамырда күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
«23 мамырда Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ: күндіз 23 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100%.

adimage