Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Сенбіде Батыс Қазақстан облысында бұрқасын тұрып, қатты көктайғақ болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын жауып, бұрқасын, қатты көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын жауып, бұрқасын, қатты көктайғақ күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-98%.
Сенбі күні БҚО-да бұрқасын тұрып, қатты көктайғақ күтіледі
