Сенбі күні Батыс Қазақстан облысында қатты жел, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 16:46, 04-01-2019.

Астана. 4 қаңтар. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысындағы жағымсыз ауа райы салдарынан синоптиктер дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» мемметеоқызметінен.
«5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с», - делінген жұмадағы хабарда.
Ақпарға сәйкес, Оралда 5 қаңтарда қар жауады, тұман, бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 18 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 97-99%.


Жаңалықтармен бөлісу: