Сенбі күні Маңғыстау облысында күшті жел күтіледі

Астана. 4 қаңтар. ҚазТАГ – Синоптиктер Маңғыстау облысында желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«5 қаңтарда Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с оңтүстік-шығыс желі күшейеді», - делінген жұма күнгі хабарда.
Ақпарға сәйкес, Ақтауда 5 қаңтарда оңтүстік-шығыс желі күшейеді, екпіні 8 м/с болады.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage