Сенбі күні Нұр-Сұлтанда және үш облыста дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:49, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ – Сенбі күні Нұр-Сұлтанда және үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«01 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: күндіз 01 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, екпіні 16 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Түнде және тәңертең 1 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 1-ші маусымда тәулік бойы кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%
«2019 жылы 1 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында өрт қаупінің lV дәрежелі өрт қауіпі күтіледі. lV дәрежелі өрт қаупі кезінде өрт шағын от көздерінен де шығады, тез жайылады және қосымша кішігірім ошақтарды туғызады. Облыс аумағында ауа райы жауын шашынсыз болып, ауа температурасы көтерілуіне байланысты өрт қаупінің деңгейі көтеріледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: