Сенбі күні СҚО-да тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 19 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage