Сенбі күні СҚО-да тұман және күшті жел күтіледі

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қ: 25 қаңтарда тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage