Сенбі күні Шымкент және Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді

Күні: 18:59, 18-01-2019.

Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Шымкент және Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 қаңтар күні Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні түнде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Шымкентте 19 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с дейін жел тұрады. Түркістанда 19 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.


Жаңалықтармен бөлісу: