Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:09, 17-01-2020.

Астана. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавл қ: түнде 18 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с», - делінген жұма күні таратылған ауа райы болжамында.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: