Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және күшті жел тұрады

Күні: 17:17, 08-11-2019.

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 9 қарашада солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: