Сенбі күні Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Сенбі күні Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 05 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage