Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ – Сенбі күні жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 05-06 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 06 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
«6 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 6 наурызда кей уақытта тұман күтіледі», - делінген хабарда.
6 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі.
«06 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ.: түнде және күндіз 06 наурызда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидрометте».
«6 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
6 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 6 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Қатысты сілтемелер
-
Экологиялық және санитариялық қағидаларды біріктіру орынсыз – Дүйсенова19 Наурыз 2024, 14:53
-
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды19 Наурыз 2024, 12:05
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50