Сенбі және жексенбі күндері Қазақстанның бес облысында қатты ыстық күтіледі

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Сенбі және жексенбі күндері Қазақстанның бес облысында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 12-13 шілдеде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде +40+43 дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage