Сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында жауын жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды

Күні: 09:21, 31-08-2019.

Астана. 31 тамыз. ҚазТАГ - Сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Температура күндіз + 10 + 12, түнде + 7 + 9.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Температура күндіз + 29 + 31, түнде + 18 + 20.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Температура күндіз + 25 + 27, түнде + 13 + 15.


Жаңалықтармен бөлісу: