Сенбіде Түркістан облысында шаңды дауыл болады деп күтілуде

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ - Сенбіде Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«24 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», - делінген жұма күні дабылдық ескертуінде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 90-95% деңгейінде бағалайды.

adimage