Серғазы Омаш ҚР АШМ жер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – Серғазы Омаш ҚР АШМ жер комитетінің төрағасы  қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш басқа жұмысқа ауысуына орай Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, ол аталмыш қызметке 2018 жылдың мамырында тағайындалған еді.
Омаш 2013-2018 жылдар аралығында ҚР Жоғары соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технология және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. 2012-2013 жылдар аралығында Астана қаласында ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технология департаментінің ақпараттандыру саласындағы мемсаясатты қалыптастыру басқармасының бастығы болған. .

adimage