Сергей Катнов: Қару-жарақ сататын дүкендерден емес, терроршылардан қорқу керек

Алматы. 13 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Ақтөбеде «Паллада» қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуыл барысында терроршылар 17 мылтықты ұрлап кетіп, үш адамды өлтірді, ондаған адам жараланды. Бірақ жағдай одан да нашар болуы әбден мүмкін еді. Бірақ ол қару-жарақ қаруын сататын дүкендерді сатуға себеп болмауы тиісті, тек оларды күзетуді күшейту керек, деп есептейді «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов.



- Сергей Петрович, неге терроршылар қару-жарақ дүкенін оп-оңай басып алып, қару-жарақтарды ала алды? Оларда күзет нашар болды ма?


- Ол оған байланысты емес, егер үлкен топ болып жоспарлы түрде дайындалған шабуыл жасалса, бұл жерде шығынсыз болмайды. Оның үстіне қылмыскерлер дүкенге мылтықпен келді және сатушыны атып тастады. Олар құр қол келіп осы жерден қаруланды деуге болмайды.
Дүкендерді күзетуге келетін болсақ, біз (қауымдастық мүшелері – ҚазТАГ) ол мәселені ұзақ талқыладық. Әр түрлі пікірлер көп болды және біз бәрібір өз міндетіміз терроршылармен соғысу емес, аңшылық және балық аулау үшін қажет тауарларды халыққа сату қызметін көрсетуіміз керек деген қорытындыға келдік. Сондықтан біз дүкен қызметкерлерін жаппай қаруландыру керек деп отырған жоқпыз. Біз шақырту алған және сигнализация қосылғанда шұғыл әрекетке кірісетін күзет тобының қаруларын күшейту керек, және келешекте шығынға ұрындырмайтын бірқатар қосымша шаралар қабылдау керек деп есептейміз.



- Демек аңшылардың дүкені қару-жараққа ұмтылған терроршылардың ең оңай нысаны болып тұр ғой? Полиция учаскесіне баса-көктеп кіре алмайсың, әскери бөлімше оқпен жауап беруі мүмкін...


- Қару-жарағы бар нысандар онша көп емес: әскери және әскериленген жасақтар, спорттық нысандар мен аңшылық дүкендер. Әскери жасақтарға келсек, онда қаруланған қарауыл бар және ол аңшы қаруымен салыстыруға келмейтіні түсінікті де. Сондықтан аңшылардың дүкенінен басқа қару-жарағы жеткілікті спорттық ұйымдар ғана қалады.


- Ал дүкендер осындай шабуыл болғанда нақты не істей алады? Қарсы атысқа шыға алмайды ғой...


- Біздің ойымызша, болған оқиға кезінде дүкен қолынан келгенін істеді. Біз ол мәселені зерттедік. Бірінші сатушы бірден желкесінен атып өлтірілді. Содан соң бұл дүкенге терроршылар лап қойды. Екінші сатушы дүкеннен қашып кетпеді, тез қоймаға тығылып, сонда есікті жауып алды. Сондықтан қылмыскерлер дүкен сөрелерінде бар қаруларды – аздаған мылтықтар мен өте аз патрондарды ғана ала алды.
Сондықтан қаза болғандар мен жаралылар арасындағы ара-қатынасы сондай болды – жаралылар көп болды. Терроршылар қуаты әлсіз патрондармен ғана ата алды, олар ауыр иір ойық патрондарды ала алмады. Егер қылмыскерлер қоймаға кіріп иір ойықты қарулар мен олардың патрондарын ала алғанда жағдай мүлдем басқаша өрбіген болар еді. Жараланғандардың көбі үйрек пен қаз атуға есептелген патрондармен жараланды. Онда 7 адам өлтірілді, олардың біреуі сатушы, біреуі басынан атылған күзетші мен 38 адам жарақат алды. Ол ара қатынас терроршылардың мүлдем басқа мылтықтар мен басқа патрон алуымен байланысты болды. Олар иір ойықты мылтық алғанымен оларға патрондарды ала алмады, себебі қоймаға тығылған сатушы оларға ондай мүмкіндікті бермеді.
Екіншіден сөренің ішінде тығылған кассир дабылқаққыш түймесін басып үлгерді. Шындап қарасақ, антитеррорлық операция осы сәттен бастап басталды. Сондықтан осы жағдайда дүкен өз мүмкіндігіне қарай мейлінше дұрыс жасады.
Ал онда келген күзетшілер тобы жеткілікті қаруланбаған болып шыққаны басқа мәселе. Бір ғана қаруланған күзетші келіпті және ол осыншама топырлаған қарақшыларға лайықты тойтарыс та бере алмады.


- Осындай шақыруларға полицияның күшейтілген наряды бармаушы ма еді?


- Біз де мәселе көтеріп отырмыз, осындай жағдайларда елеулі қаруланған көптеген күзетшілер баруын ұсынып отырмыз. Иір ойықты қарумен жабдықталған күзетшіліер келуі тиісті. Бізде арнайы қызметті барлығы мақтайды, ал дүкендер тасада қалып қойған. Ал осы жағдайда дүкен қан аз төгілуі үшін қолдан келгенін жасады.


- Яғни тегіс үңгілі мылтықтар қылмыстық мақсатқа онша жарамсыз болып тұрғаны ғой, сондықтан азаматтар оны басқа мақсатқа қолданып кетер деп қауіптенбесе болады ғой?


- Жоқ. Ол тек қазақстандық емес әлемдік тәжірибеде сондай. Тіркелген аңшының мылтығы қылмыстық оқиғаларда мүлдем көрінбейді десе болады.


- Дегенмен қоғамдағы осындай оқиғалардан кейін, әдетте, қоғамда қаруды еркін саудада сату керек па, әлде оларды саудадан мүлдем алып тастаған дұрыс па деген пікірталас өрбиді. Сіз қандай көзқарасты қолдайсыз?


- Президент қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде қару-жарақты сатудан алып тастауды ұсынған жоқ. Біз президентпен келісеміз және оны талқыламаймыз.
Қару-жарақ дегеніміз өркениеттің техникалық жетістігі. Қару жарақ сатуға әлемнің бір ғана мемлекетінде тыйым салынған, ол - Сьерра Леоне. Барлық дамыған деген мемлекеттерде қару-жарақ сатылады. Біз Сьерра Леонеге барамыз ба? Немесе Германия, Франция, АҚШ-қа және т.б. елдерге бетбұрамыз ба? Бақылауды күшейтумен біз келісеміз. Оған қатысты біз өз ұсынысымызды жасап жатырмыз, ол бізге біраз шығын әкеледі, десек те біз оны жасаймыз.


- Жаңадан қойылатын шектеулер, қару алып жүруге қойылатын қосымша талаптар саладағы кірістің азаюына әкелмей ме? Онсыз да жарақаттайтын, газ қарулары мен электршокерлерге шектеу қойылды.


- Ол рас. Оларды сатып алуға рұқсат алу енгізілісімен олардың саудасы тоқтады. Қару сатып алу жөніндегі біздің заңнамамыз әлемдегі аса қатал заңдардың бірі. Егер Еуропаның әр түрлі дамыған елдерін, Австрияның өзін болса да, мысалға алсақ, онда адам алдымен тегіс үңгілі мылтықты сатып алады да одан кейін оны полицияда тіркеуге апарады. Ол мылтық сатып алуға ешқандай құжат дайындамайды.


- Ал егер полицияға бармаса ше?


- Австрияда ол бәрібір барады, себебі дүкен оның мәліметтерін полицияға жібереді. Айтпақшы, біздің дүкендеріміз де солай етеді. Ай соңында әр аңшылық дүкен сатылған қару туралы есеп-мәліметтерді ішкі істер органдарына береді. Егер қару сатып алған адам оны тіркеуге келмесе, оған қатысты шаралар қолданылады. Ал Ақтөбеде дүкенге келгендер аңшының мылтығы үшін келген жоқ қой.


- Қару-жарақ дүкендерінде тек аңшының мылтығын ғана сата ма?


- Тек аңшының және спорттық мылтықтарды сатады. Егер аңшы мылтығымен стендте ататын болса, ол спорттық мылтық болып шығады. Егер оны аңшылықта пайдаланса, ол аңшы мылтығы деп танылады.


- Бір адам заң бойынша қанша мылтыққа ие бола алады?


- Онға дейін.

- Айпырай, ә!

- Ал Сіз оны көп деп отырмызсыз? Айталық, Брейвик 80-ге жуық адамды атып тастаған Норвегияда, әр азамат 25 данаға дейін қару сатып алуына рұқсат.


- Бір адамға осыншама қарудың керегі қанша?


- «Дұрыс аңшылық» деген ұғым бар. Мылтықтың бір ғана түрімен аңның барылығына аңшылық жасау мүмкін емес. «Дұрыс аңшылық» жабайы құстардың түрлеріне қарай мылтықтың калибрін оның түрін таңдауды талап етеді. Ол дұрыс та, себебі аң жаралы болып қашып кетпеуі, немесе оған үлкен зақым келтірмеу үшін керек. Суыр атуға жарайтын мылтықпен қасқыр атуға болмайды. Ал қасқыр атуға болатын мылтық аю, немесе ірі айыр тұяқты аң атуға жарамайды. Басқаша айтқанда егер аю атуға арналған мылтықпен суыр немесе қоянды атсаңыз, ол быт-шыт болып кетеді. Суда жүзетін жабайы құстарға бір мылтық, ал таудағы кекіліктерге басқа мылтық керек.


- Яғни, егер қылмыскер бір азаматтың үйінде мылтықтың 10 түрі бар екенін білсе, ол қарулану үшін оны тонаудан тартынатын шығар?


- Иә. Қалалық елді мекендерде барлық мылтық иелері сигнализация орнатқан. Яғни, егер ондағы мылтықты алуға әрекеттенсе, ол туралы бірден белгілі болады. Екіншіден, қылмыскерлер кімде қандай қару барлығын қайдан біледі? Ондай ақпарат ашық болмайды.


- Ал егер қылмыскерлер тұрғын үйде орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаса, ондағы тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік бар ма?


- Ондай жағдайларға мұқият түрде, кешенді қарау керек, себебі Қазақстандағы қару-жарақ дүкендерінің төрттен үші тұрғын үйлерде орналасқан.
«Палладаның» өзінде дүкен мен ең жақын тұрғын үй дәлізіне дейін 80 метр болған. Ал жеке тұрған дүкендер де болады, бірақ оның есігі мен көрші тұрғын үйге дейін 10-ақ метр. Олай қарайтын болсақ, «Палладаны» жауып тастау керек те, ал соңғы үйді қалдыруымыз керек. Бірақ біз ол дүкендерді айдалаға шығарып тастай алмаймыз ғой. Ондай болса, ол дүкен шабуыл жасауға таптырмайтын нысан болады, себебі ол оқшау орналасқан және оған дабылмен шақырылған топ келгенше уақыт көп кетеді. Көп жағдайда қару-жарақ дүкені елді мекендерде орналасқан. Адамдар бәрібір солардың қасынан өтетін болады.
Және оларды қазір жаппай жабатын болсақ, сала ойсырап қалады. Ол сәйкесінше аңшылық саласының, спорт саласының құлауына апарады, яғни атыс спортының. Ол домино тәріздес болады. Ол мәселеге байыппен қараған жөн.
Қауымдастық ұсыныс дайындап жатыр, ол бойынша дүкендерді күзету едәуір күшейтіледі. Біз қару-жарақ дүкендерін қудалаудан ешбір мағана көріп отырған жоқпыз, ол дәстүрлі түрде көп ғасырдан адамзат болмысының бір бөлігі болып келеді. Иә, қару жарақ дүкендерінің қауіпсіздігін күшейту керек. Күзет мекемелерінің мүмкіндіктерін арттыру керек, яғни, тек дүкендерді айыпты етпей, мәселені кешенді түрде шешу керек.


- Қару-жарақ дүкендері әлеуетті қауіп көздері болмайды деп айтуға бола ма?


- Қауіп төндіретін қару-жарақ дүкендері емес, терроршылар. Дайындалған шабуыл жасалса барлығын басып алуға болады. Барлығы да сәйкес күштер мен жабдықтардың барлығына байланысты.


- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage