Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінен. «ҚР үкіметінің қаулысымен С.Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚР ҚДМ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін 2018 жылдың наурызынан бастап ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс жасаған. Оған дейін 2016-2018 жыл аралығында ҚР президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі болған.    


adimage