Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Алексеевич Коновалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарда.
Коновалов аталмыш қызметте 2018 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс жасап келген. ҚР ҚДМ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Коновалов 2018 жылдың наурызынан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. Оның алдында 2016-2018 жылдар аралығында ҚР президенті әкімшілігінің стратегилық әзірлемелер және талдау орталығы секторының меңгерушісі, кеңесшісі болған.

adimage