Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

    Астана.29 қараша.ҚазТАГ- Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
   "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Жарасбаев 2021-2023 жылдары аралығында Мәдениет және спорт вице-министрі болды.

adimage