Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидері Серікжан Біләшті үй қамағында ұстау 10 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлады оның қорғаушысы Айман Омарова.
«Сараптама тағайындап, төртінші ай үй қамағына ұстау мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартты, 10 шілдеде оны үй қамағында ұстау мерзімі аяқталуы керек. Оған себеп, тергеу органдарының айтуынша, олардың жүргізетін тергеу амалдары әлі көп, олар әлі әлдекімдерден түсінік алу керек және т.с.с. Тергеу жүргізу мерзімі бар, үй қамағында ұстау мерзімі бар, үй қамағында ұстау тергеуге ешқандай әсер етпейді. Ол сарапшыны қолынан ұстап жұмыс жасатпай отыр ма? Ол куәгерлерден түсінік алуға кедергі жасап жатыр ма? Шын мәнісінде мерзімі ұзартылып жатыр, ұзартылып жатыр», - деді Омарова жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, Біләшқа қарсы тағылып отырған айыптау себебі оның ақпараттық джихад туралы айтқан сөздері болып отыр.
«Ол мейрамханада отырғанда бір сөзінде бүкіл әлем білу үшін қытайлық түзету лагерлеріне ақпараттық джихад ұйымдастыруды ұсынған. Бүкіл әлем осы құбылыспен күресуде, ал Серікжанды осы сөзі үшін экстремизм деп айыптауда. Енді бүкіл әлем осы қылығымыз үшін бізге күлетін болады», - деп атап өтті Омарова.
Біләш 10 наурызда Алматыдағы қонақүйлердің бірінде ұсталған. Тергеу «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидеріне «әлеуметтік және ұлттық алауыздық тудыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасау» айыбын тағуда. Саяси-белсенді болса Синьцзяндағы этникалық қазақтармен болып жатқан жағдайға қатысты қытайлық билікті сынға алып жүргенімен танымал.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34