Әсет Асаубаев көлік комитеті төрағасы қызметінен кетті

Күні: 18:37, 31-01-2019.

Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Әсет Асаубаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлады ҚазТАГ-қа ведомстводан.
«Иә, ол (Ә. Асаубаев – ҚазТАГ) бізде жұмыс жасамайды», - деді министрліктегі қызметкер.
Ә. Асаубаев бұл қызметте 2014 жылдың тамызынан бері жұмыс жасап келген еді.
Еске салсақ, 2018 жылдың күзінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ә.Асаубаевты көлік комитетінде сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын қабылдамаған деп айыптаған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: