Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен бұрынғыша ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады, батысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша жел күшейеді, солтүстігінде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі» - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +28+30.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай. Солтүстік-батыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 15 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +21+23, күндіз +31+33 дейін қатты ыстық болады.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +35+37, түнде +19+21.

Күндіз Алматыда, Атырауда, Қызылордада, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытауда, батыс қазақстанның оңтүстіігнде, Қостанай облысында және Абай облысында аптап ыстық күтіледі», - делінген хабарда.

Атыраудың оңтүстігінде, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық күтіледі.
Алматы, Атырау облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстанның орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«Маңғыстау, Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл облысында және Ұлытау облысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Атыраудың оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде нөсер жауынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

Ақмола облысында күндіз +27+32 (солтүстігінде +24), түнде +12+17.

Ұлытау облысында күндіз +30+35 (батысында +38), түнде +14+19 (оңтүстігінде +22).

Қарағанды облысында күндіз +24+29 (оңтүстігінде +33), түнде +11+16 (оңтүстігінде +21).

Батыс Қазақстан облысында күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +17+22.

Атырау облысында күндіз +34+39 (оңтүстігінде +41), түнде +20+25.

Маңғыстау облысында күндіз +35+40 (оңтүстігінде +45), түнде +23+28.

Ақтөбе облысында күндіз +31+36 (оңтүстігінде +40), түнде +13+18 (оңтүстігінде +24).

Қостанай облысында күндіз +26+31 (оңтүстігінде +35), түнде +15+20.

Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +20+25 (оңтүстік-батысында +28), түнде +12+17.

Павлодар облысында күндіз +27+29, түнде +14+16.

Абай облысында күндіз +27+32 (оңтүстігінде +35), түнде +14+19 (батысында +10).

Шығыс Қазақстан облысында күндіз +27+32 (шығысында +23), түнде +13+18 (шығысында +10).

Қызылорда облысында күндіз +36+41, түнде +20+25.

Түркістан облысында күндіз +34+39, түнде +19+24.

Жамбыл облысында күндіз +33+38, түнде +20+25.

Алматы облысында күндіз +30+35, түнде +20+25.

Жетісу облысында күндіз +31+36, түнде +16+21 (шығысында +24).


adimage