Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады, күн күркірейді, тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +11+13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +21+23, түнде +11+13.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +11+13.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, тауларда және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-23 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-23 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +10+15.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлреде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Түркістан облысында тауларда және тау маңдарында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +8+13.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +11+16.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +7+12.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +23+28, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +12+17.
Атырау облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +13+18.
Қызылорда облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +17+22.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі
