Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде түнде жауын-шашынды (жаңбыр, сулы қар жауады), күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел тұрады, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өте күшті, екпінді жел тұрады», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +8+10.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Секундына 2-7 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +12+14.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +9 +11.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28, 30 метрге дейін жетеді және одан да асады. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде жауын-шашынды, кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде секундына 23-28, 30 метрге дейін күшейеді және одан да асады, кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін, түнде кей жерлерде -1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр күтіледі, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 23-28, 30 метрге дейін жетеді және одан да асады. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр күтіледі, түнде кей жерлерде - жауын-шашынды, желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде -1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде желдің күші секундына 15 метрге жетеді, түнде және ертеңгісін тұман түседі, түнде кей жерлерде -1-3 градус үсік күтіледі. Күндіз + 7+12, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +12+17.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +12+17, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде -1-3 үсік жүреді, жекелеген аудандарда төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +9+14, түнде +1+6 (-2).
Атырау облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз +25+30, түнде +11+16.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20 +25, түнде +7+12.
Түркістан облысында күндіз таулар мен тау маңдарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +7+12.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.
.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады
