Сейсенбі күні Ақтөбе және Түркістан облыстарында найзағай, шаңды дауыл және күшті жел тұрады деп күтілуде

Күні: 17:53, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – 30 шілдеде Ақтөбе және Түркістан облыстарында найзағай, шаңды дауыл және күшті жел тұрады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 шілдеде Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады,кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. 30 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: