Сейсенбі күні Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 2 маусымда Алматы облысында +35 қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Маңғыстау облысында сейсенбі күні күндіз кей жерлерде +40 қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2 маусымда күндіз Ақтөбе облысында оңтүстігінде +38 қатты ыстық күтіледі, солтүстік-шығыстан кей жерлерде екпіні 18 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті синоптиктер.

adimage