Сейсенбі күні Қарағанды облысында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қарағанды облысында тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.
«19 қарашада Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарға сәйкес, 19 қараша күні күндіз Қарағанды облысында қар күтіледі, кей жерлерде қалың қар жауады.

adimage