Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 4 м/с жел тұрады. Күндіз -6-8, түнде -12-14. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда жауын-шашынсыз. Күндіз +2+4, түнде -5-7. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Шымкентте күндіз және түнде қар аралас жаңбыр жауады. 2 м/с жел тұрады. Күндіз +4+6, түнде +2+4. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
.
Сейсенбі күні Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады
