Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Атырау облысында үсік күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбіде қар жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Түнде және таңертең 2 қазанда Атырау облысының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
«Түнде 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), ауа температурасы 5°С аязға дейін төмендеуі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %», - делінген хабарда.
Сейсенбі күні Атырау облысында үсік күтіледі, ШҚО-да сәрсенбіде қар жаууы мүмкін
