Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағы бұрынғыша антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын түспейді. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде түнде жауын-шашын күтіледі (көбіне жаңбыр жауады), күндіз жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, батысында түнде - көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде -1+1.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +8+10.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде -4+1.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -1 үсік күтіледі. Күндіз +19+24, түнде +4+9.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +24+29, түнде +8+13.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын түседі. Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +21), түнде +1+6.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +7+12, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын түседі, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +1+6 (оңтүстік-шығысында -3).
Атырау облысында күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын түседі, кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде +5+10, солтүстігінде +2.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр аралас аздаған қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде – көктайғақ. Күндіз +11+16 (оңтүстігінде +19), түнде -2+3 (оңтүстігінде +6)..
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +10+11 (солтүстігінде +5).
Алматы облысында ертеңгісін және күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде -1 үсік жүреді. Күндіз +19+24, түнде +4+9.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +3+8.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашын түсседі. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +21), түнде +1+6 (шығысында -2).
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде -2+3.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16 (оңтүстігінде +19), түнде +1+4.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер


adimage