Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, біірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, біірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«ҚР территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады, найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі»,- делінген хабарламада.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғсытау облысында өте қатты ыстық күтіледі.

«Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысы, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, Абай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады»,- деп қосты «Казгидромет».

Астанада көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18°, күндіз 23-25° жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен 2-7 жел соғады, найзағайдың екпіні 17 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 36-38 градус жылы.

Ақмола облысында күндіз + 20 +25 (оңтүстік-батыста +28), түнде+15 +20 (солтүстік-батыста + 12).

Ұлытау облысында күндіз + 29 + 34 (шығыста +26), түнде +18+23.

Қарағанды облысында күндіз + 22+27 (оңтүстікте +31), түнде +15+20.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз + 20+25 (батыста +28), түнде +13+18.

Қостанай облысында күндіз + 25+30 (оңтүстікте +33), түнде +14+19 (оңтүстікте +22).

Ақтөбе облысында күндіз + 34+39 (батыста, оңтүстікте +42), түнде +21+26 (солтүстік-батыста +18).

Абай облысында күндіз + 22+27 (оңтүстікте +30), түнде +14+19.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз + 20 +25 (оңтүстікте, орталықта +28), түнде+13 +18 (Шығыста + 8).

Павлодар облысында күндіз + 22+27, түнде +17+22.

Алматы облысында күндіз +30+35 (таулы аудандарда +20+25), түнде +19+24 (таулы аудандарда +9+14.

Жетісу облысында күндіз + 29 + 34 (таулы аудандарда +26), түнде +15+20 (таулы аудандарда +10).

Түркістан облысында күндіз +34+39 (таулы аудандарда +30), түнде +21+26 (таулы аудандарда +17).

Батыс Қазақстан облысында күндіз +32 + 37 (оңтүстікте +40), түнде +20+25.

Атырау облысында күндіз + 34+39 (оңтүстікте +42), түнде +23+28.

Маңғыстау облысында күндіз + 39+44 (батыста +33), түнде +23+28.

Қызылорда күндіз +36 + 41, түнде +23 + 28.

Жамбыл облысында күндіз +31+36 (таулы аудандарда +28), түнде +19+24 (таулы аудандарда +15).

"Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалатын болады", - деп ескертті синоптиктер.

Фото көзі: pixabay


adimage