Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар күтіледі

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ - Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар күтіледі, деп хабарлады «Казгидромет РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі  циклонның ықпалында болады. Соған байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, республика бойынша кей жерлерде жауын-шашынды, көбіне қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстік-батыстан 30 м/с және одан да жоғары жел тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 жел солтүстік-батысқа ауысады,  екпіні 15-18 м/с  жетеді. Ауа температурасы күндіз -5-7,  түнде -9-11.
Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде -5-7.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және ертеңгісін қар жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады.   Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -7-9.
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.  Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қарағанды облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі,  15-20 м/с жел тұрады,  екпіні 23-28 м/с жетеді.  Күндіз -2-7,  түнде -5-10.
Алматы облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады.  Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында  күндіз жауын-шашын болмайды, түнде қар күтіледі, бұрқасын соғады,   түнде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -7-12 (ары қарай төмендейді),  түнде -7-12.
Түркістан облысында күндіз ажуын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде  тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз  -1+4, түнде -4-9.
Қызылорда облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар   жауады,   кей жерлерде   тұман түседі,  көктайғақ,   15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -2+3,  түнде -1-6.
Ақмола облысында  қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын тұрады,  15-20 м/с жел күшейеді.    Күндіз -5-10, түнде -8-13.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде, түнде балық өңірде қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын соғады,  тұман,  15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз -11-16, түнде -13-18.  
Солтүстік Қазақстан облысында  кей жерлерде қар күтіледі,   бұрқасын, тұман,  15-20 м/с жел күшейеді.  Күндіз -13-18, түнде -15-20.
Павлодар облысында  күндіз барлық өңірінде, түнде кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын тұрады,  15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз -4-9, түнде -7-12.
Батыс Қазақстан облысында  кей жерлерде аздаған қар жауады,   тұман түседі.    Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Маңғыстау облысында  күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды,   кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10,  түнде 0+5.
  «Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде  су деңгейінің құбылуы байқалады, Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз кептелісі қалыптаусы мүмкін, су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - деп ескертті синоптиктер

adimage