Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғары қысымның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында атмосфералық фронталды бөліктер өтеді, соған байланысты жаңбыр жауады. ҚР бойынша тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +11+13.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +18+20.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +24+26.
Ақмола облысында күндіз +10+15 (батысында +7), түнде 0-5 (солтүстігінде +3).
Алматы облысында күндіз +16+21, түнде +2+7.
Жетісу облысында күндіз +16+21, түнде -1+4.
Түркістан облысында күндіз +24+29 (солтүстігінде +21), түнде +8+13 (солтүстігінде +5).
Батыс Қазақстан облысында күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде +5+10.
Атырау облысында күндіз +17+22, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында күндіз +15+20 (оңтүстігінде +23), түнде +7+12 (солтүстігінде +3).
Ақтөбе облысында күндіз +17+22 (солтүстігінде +13), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Қостанай облысында күндіз +7+12 (шығысында +4, оңтүстігінде +15+20), түнде +1+6 (шығысында -2).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +8+13, түнде -2+3.
Павлодар облысында күндіз 13+18 (солтүстігінде +8), түнде -3+2.
Қарағанды облысында күндіз +6+11 (оңтүстігінде +15+20), түнде -2+3 (шығысында -5).
Ұлытау облысында күндіз +17+22 (солтүстігінде +13), түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +8+13 (шығысында +3), түнде 0-5 (шығысында -10-15).
Абай облысында күндіз +9+14 (оңтүстігінде +18), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3).
Қызылорда облысында күндіз +22+27, түнде +6+11.
Жамбыл облысында күндіз +18+23, түнде +4+9.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде, сонодай-ақ жазықтық аумақтарда қардың қарқынды түрде еруі, ағын сулардың қалыптасуы, мұз қату құбылысының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жауын-шашын болжамыа байланысты оңтүстіктегі және оңтүстік-шғыстағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage