Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауады, оңтүстігінде қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында жаяу сырма соғады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел тұрады. ҚР бойынша тұман түседі»,- делінген хабарда.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан екпіні 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -9-11 және күндіз -3-5.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кейде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12 және күндіз -4-6.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Шығыстан екпіні 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7 және күндіз +4+6.
Ақмола облысында күндіз -2-7, түнде -8-13 (оңтүстік-батысында -16).
Алматы облысында күндіз -2-7, түнде -9-14.
Жетісу облысында күндіз 0, -5 және түнде -13-18.
Түркістан облысында күндіз +2+7 (солтүстігінде -2), түнде -3-8 (солтүстігінде -13).
Батыс Қазақстан облысында күндіз -3-8 (батысында, оңтүстігінде 0) және түнде -18-23 (батысында, оңтүстігінде -8-13).
Атырау облысында күндіз 0, +5 (шығысында -3), түнде -8-13 (шығысында -16).
Маңғыстау облысында күндіз 0,+5, түнде -3-8 (шығысында -12).
Ақтөбе облысында күндіз -4-9 (оңтүстігінде -1), түнде -15-20 (оңтүстігінде -10).
Қостанай облысында күндіз 0,-5 (оңтүстік-шығысында -8) және түнде -10-15 (оңтүстік-шығысында -18).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -1-6, түнде -4-9 (оңтүстік-батысында -12).
Павлодар облысында күндіз -3-8, түнде -13-18 (батысында -10).
Қарағанды облысында күндіз -3-8 (шығысында -11), түнде -15-20 (шығысында -23, солтүстігінде -12).
Ұлытау облысында күндіз -3-8, түнде -15-20.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз -7-12 (шығысында -17), түнде -17-22 (шығысында -25-30).
Абай облысында күндіз -5-10 (шығысында -15), түнде -13-18 (оңтүстігінде, шығысында -23-28).
Қызылорда облысында күндіз +1+6 (солтүстігінде -2), түнде -8-13.
Жамбыл облысында күндіз -4+1 және түнде -10-15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage