Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет"РМК.

"ҚР басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылауынан жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады.
 Республика бойынша тұман, жел күшейеді, батысында, солтүстігінде – көктайғақ, күндіз оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады", - делінген хабарламада.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы 0+2, күндіз шамамен +6+8.

Алматыда да құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +17+19.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +23+25.

Ақмола облысында түнде және ертеңгісін батысында және солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0+5, күндіз +4+9.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -3+2, күндіз +4+9.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2+3, күндіз +5+10.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, батысы мен оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -1+4, күндіз +5+10.

Атырау облысында батысында және солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2+7, күндіз + 20+25.

Маңғыстау облысында түнде және ертеңгісін батысында аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +7+12, күндіз +22+27.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3+8, күндіз +12+17.

Қостанай облысында түнде және ертеңгісін батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3+8, күндіз +11+16.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1+4, күндіз +5+10.

Павлодар облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0+5, күндіз +3+8.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0-5, күндіз +3+8.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1-6, күндіз +5+10.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +7+12, күндіз +22+27.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +4+9, күндіз +21+26.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2+7, күндіз +20+25.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3+8, күндіз +17+22.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0-5, күндіз +17+22.

"Алдағы тәулікте температуралық фонның жоғарылауына байланысты оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендерде судың ауытқуы байқалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, еріген ағынның пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

adimage