Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ- Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатыны болжанады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды, таулы аймақтарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұманның түсуі, республикамыздың батысында, оңтүстік-шығысында желдің екпін алуы байқалады", - делінген хабарламада.

Ұлытау облысында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күн құбылмалы. Түнде және таңертең тұман күтіледі.Түнде ауа температурасы +8+10, күндіз +19+21.

Алматыда күн құбылмалы. Түнде жаңбыр. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +19+21.

Шымкентте жауын шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +19+21.

Ақмола облысында таңертең және түстен кейін солтүстік пен шығыста аздаған жауын-шашын болады. Күндіз + 16+21, түнде + 7+12.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 20+25, түнде + 7+12.
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 18+23, түнде + 4+9.

Батыс Қазақстан облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз + 26+31, түнде +15 + 20.

Атырау облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз + 25+30, түнде +13 + 18.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 26+31, түнде +15 + 20.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 24+29, түнде +10 + 15.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 20+25, түнде + 8+13.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын аз. Күндіз + 16+21, түнде + 7+12.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз + 18+23, түнде + 7+12.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 18+23, түнде 0 + 5.
Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 18+23, түнде + 1+6.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз + 25+30, түнде +10 + 15.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 24+29, түнде + 10

Фото көзі: pixabay.com


adimage