Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз, тек батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын түседі. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, төменнен сырма соғады, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -13-15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз 0 шамасында.
Шымкентте бұлтты, 3-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде 0+2.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-0 м/с жл тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және күндіз кей жерлерде тұман. Күндіз -3-8, түнде -13-18.
Қостанай облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде көктайғақ, кей жерлерде төменнен бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Күндіз -7-12, түнде -15-20.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -22-27, түнде -31-36. -20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ.Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде түнде қар, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -13-18, түнде -21-26.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -12-17 (оңтүстігінде -8), түнде -20-25.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -7-12 (солтүстігінде -25).
Ақмола облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -12-17, түнде -21-26.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -17-22, түнде -28-33.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
