Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады», – делінген хабарда.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
26 қыркүйекте Маңғыстау облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 26 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 26-27 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 26-27 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 26 қыркүйекте шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 26-27 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. 26-28 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады. 26-28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
26 қыркүйекте күннің аяғында Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ: 26 қыркүйекте күннің аяғында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
26 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Сейсенбі күні Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды
