Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:31, 22-09-2020.

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік-Батыс циклон өз ықпалын сақтайды, соның саладрынан жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. ҚР басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +10+12.
Алматыда аздаған бұлтты. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +22+24.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +20+22.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +13+18, түнде +2+7.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман күтіледі. Күндіз +7+12 (оңтүстігінде +15), түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (батысында +7), түнде +1+6.
Павлодар облысында күндіз аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-25 м/с жетеді. Күндіз +11+16 (батысында+8), түнде +4+9.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-25 м/с жетеді, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +8+13 (оңтүстігінде +16+21), түнде +4+9.
Қызылорда облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +16+21, түнде +3+8.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, күн күркіреуі мүмкін, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде +5+10 (солтүстік-шығысында +2).
Түркістан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +9+14.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумаағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер


Жаңалықтармен бөлісу: