Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, республиканың қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте күн күркірейді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +13+15.
Шымкентте күндіз күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 9 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +12+14.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркәрейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +17+22, түнде +9+14.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде 15 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде +1+6.
Алматы облысында кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде +1+6.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -10-15.
Атырау облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -12-17
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -10-15.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1-6, түнде -12-17.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне және оң ауа температурасының сақталуына байланысты республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.



adimage