Сейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:35, 22-01-2019.

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз -6-8, түнде -13-15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -4-6.
Шымкентте түнде қар жауады деп күтілуде. 1 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -5-7.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -6-11, түнде -12-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде. Түнде барлық өңірде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -6-11.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде бүкіл өңірде жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты, кей жерлерде –тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз және түнде -1-6.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, түнде - кей жерлерде аздаған қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде қар күтіледі, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде – тұман. Ауа температурасы күндіз -2+3, түнде -4-9.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, төменнен сырма соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -18-23.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз -5-10, түнде -11-16.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде мұз қату құбылысы әлсірейді және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: