Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды, тек таулы аудандарда оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз кеде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +1+3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +7+9.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде ++5+7.
Түркістан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, тау және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жауады. Күндіз +15+20, түнде +5+10 (топырақ бетінде -2).
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +13+18, түнде +5+10.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде 0+5
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде -1+4.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +11+16, түнде -1+4.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+1 3, түнде -3+2.
Алматы облысында тауларда және тау маңдарында жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде -1+4.
Атырау облысында күндізе кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +14+19, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +13+18, түнде -3+2.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды. Ауа температурасы күндіз +9+14, түнде 0+5.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +9+14, түнде -2+3.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің ары қарай артуы күтіледі. Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде де су деңгейі артады, соған байланысты су тасулар болуы мүмкін»,- деп ескертті синоптиктер.

adimage