Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады, жел күшейеді, солтүстігінде бұрқасындатады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз -3-5 болады.
Алматыда ала бұлтты, аздап қар жауады, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +2+4.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, 0-5 және -3-8 градус.
Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с болады, күндіз ауа температурасы -2-7. Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, -3-8.
Қарағанды облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, -5-10. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерінде бұрқасындатады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -2-7.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, күндіз ауа температурасы 0+5. Жамбыл облысында жауын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, 15-20 м/с жел тұрады, 0,-5 градус. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, 0+5 және 0-5 градус.
Маңғыстау, Атырау және Батыс-Қазақстан облысында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +3+8, 0+5 және 0+5 градус. Ақтөбе,  облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, 0-5 градус.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының таудағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Батыс Алтайдың өзендерінде (Оба, Үлбі және басқа) су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Еліміздің солтүстігіндегі су қоймаларындағы су біртіндеп салқындап, жекелеген өзен-көлдерде мұз қату үдерісі басталады.

adimage