Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағындағы ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде қар жауып, тұман тсіп, көктайғақтанады, тек батысында ғана – жауын-ашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с эжел соғып, екіпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз -10-12 градус шамасында болады.
Алматыда ала бұлтты, күндіз жауын-шашын, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +3+5 болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде қар суырады, кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -5-10.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасындатып, ауа температурасы -8-13 болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде қар суырады, -4-9, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -1-6; осы өңірдің кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз сәйкесінше, 0+5 және +7+12 болады. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +1+6. Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз -2-7.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы +1+6, Атырау облысында жауын-шашынсыз, көктайғақ, ауа температурасы0-5; осы өңірдің кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады. Батыс-Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түседі, -2-7. Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, -3-8.
Жақын күндері өзен суын реттеуге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аумағындағы Сырдария өзенінде су деңгейі артады деп күтілуде. Қазақстанның солтүстігіндегі, орталығы мен шығысындағы жекелеген өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғаса береді.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығысындағы өзен-көлдердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның басым өңірінде сәрсенбі күні жауын –шашын болады деп күтіледі4 Қазан 2023, 10:10
-
Бақытжан Ілияс Қазақстанның Энергетика вице-министрі болып тағайындалды3 Қазан 2023, 18:51